이민호

Жылы – Қоян

Жұлдызы – Шаян

Салмағы – 69 кг

Бойы – 186 см


Оңтүстік Кореяның жас актері, әрі модель – Ли Мин Хо

(«Х» әрпі жазылғанмен, ол дыбысталмайды. «Мин О» деп айтылады)

1987 жылы 22 маусымда дүниеге келген. Отбасында әке-шешесі мен Юн Гён атты бір әпкесі бар.

«Болашақта танымал аяқдоп шебері боламын деген арманмен атақты тренер Ча Бум Кунның жаттықтыруында 4 жыл футболмен айналысты. Кішкентайынан арық, өте әлсіз көрінетін Мин Хоның шынығуына дәл осы футболдың әсері мол болды» дейді шешесі. Конгук Университетінің Кино өнері бөлімін аяқтаған Мин Хо жоғары мектеп кезінде-ақ өзінің алғашқы кейіпкерін сомдап үлгерген-ді. Бала күнгі футболист болу арманы ендігі уақытта атақты актер болсам деген жаңа арманға ұласып, үлкен мақсатқа жетеледі. Ол «Жігіт сабаздарындағы» Ку Чун Пёны сомдаумен қатар, 2005 жылы МВС телекомпаниясының түсірген бір телехикаясында ойнаса, 2006 жылы «Құпия кампус», одан кейін «Мен – мұғаліммін» («Біздің мұғалима») (KBS2, 2008) – Хэ Мо Се ролі, «Бірақ, мен де білмеймін» (МВС,2008) – Мин Ук Ги рольдерімен басқа да телехикаяларда ойнаған. Сонымен қатар осы жылы жарық көретін жаңа туынды «Жеке талғамдарда» Жон Жин Хо атты кейіпкерді сомдайды. «Менің мектебім Е.Т», «Қоғам дұшпанының оралуы» т.с.с. бірнеше фильмдегі эпизодтық рольдермен көрінген Ли Мин Хо оншақты жарнама роликтеріне де түскен. Жоғарғы мектепте (біздегі оқу жүйесі бойынша 10-11сыныптар) оқып жүрген кезінде бір сән журналында 50 мың вон айлықпен уақытша модель болып жұмыс істеген ол қазір тек актер ғана емес, жақсы модельер де.