Құралайдың күнделігі

Сертификат

April 24, 2009 · 1 Comment

  

Мен былтыры жазда алғаш рет жұмыс істеп, MediaNet курсын оқу үшін ақша  жинадым. Оқыдым, бітірдім, көөөп нәрсе үйрендім, осы блокты да сонда Асхат ағайдың сабағында аштым. Көптеген журналистермен, олардың тәжірбелерімен  таныстым. Жақсы достар таптым. Енді ертең курсты бітірушілерге куәлік, сертификат тапсыратын күн. Шынымды айтсам, осы күнді қатты күтіп жүрмін, тезірек сертификат алып, үйдегілерді қуантқым келеді.  Бұл менің ең алғашқы жұмысымның жемісі болады ғой өйткені!

→ 1 CommentCategories: Uncategorized

7-ақпан дүниежүзілік сайлау күні!

February 7, 2009 · Leave a Comment

Бүгін дүниежүзілік сайлау күні екен ғой. Шынымды айтсам, оны өзім де бірінші рет естіп тұрмын.  Кеше Көктөбе (Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд, Көктөбе 1) орта мектебінде осы күнге байланысты жиын өтіпті.

→ Leave a CommentCategories: Uncategorized

December 7, 2008 · Leave a Comment

Бар мұсылман қауымын ертең басталатын Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын!

→ Leave a CommentCategories: Uncategorized

Қазақ жастары және пара

November 6, 2008 · Leave a Comment

Менің алған тақырыбым – “Қазақ жастары және пара” . Параның халықаралық аты – коррупция. Біз оны жемқорлық деп атап жүрміз. Бұл оның толық мағынасын бере алмайды. Коррупцияның латын тілінен алынған толық анықтамасы – лауазым иелерінің, саяси қайраткерлердің өздеріне берілген құқықты өз мүддесіне пай­даланып, баю жолына түсуі, сол үшін неше түрлі сатқындыққа ба­руы. Кор­рупционердің қазақша ма­ғынасы – сатқындық деген сөз. Аты­шулы парақорлық, бас пайдасы үшін қолданылатын тамыр-таныс­тық, басқа да айла-амал мен қулық-сұмдықтың барлығы осыған жатады. Keep reading →

→ Leave a CommentCategories: Uncategorized

Республика күні

October 30, 2008 · Leave a Comment

Шынымды айтсам, Республика күнінде мен ешқайда барған жоқпын. 24-і аяғымды қайырып алдым да, үйде ауырып жаттым. Қалай тойланғанын, не болып, ненің болмағанын білмеймін! Бірақ барғандардан естігенім бар. Биылғы той біреудің көңілінен шықса, енді біреуінің көңілінен шықпапты. Мүмкін ауа райынан да шығар деп ойладым. Дәл 25-і күн суытып кетті ғой.

→ Leave a CommentCategories: Uncategorized

Гүлзат апайдың екінші сабағы

October 30, 2008 · Leave a Comment

құралайБүгінгі сабақ кешегіден де қызықты өтті. Гүлзат апай жанына экономиканы оқып жүрген Руслан деген баланы ертіп келіпті. Ол бізге экономика бойынша көп нәрселерді түсіндірді, жаңалықтар айтты, сұрақтарға жауап берді. Тағы да сол әлемдік қаржы дағдарысы туралы, кредитті тиімді пайдалану туралы, мұсылман елдерінде кредитті қалай және қандай мақсатқа жұмсау үшін беретіні туралы сөз болды. Сондай-ақ экономикадан тыс басқа да тақырыптар қозғалды. . . . . . .

→ Leave a CommentCategories: сабақ

Сүйінші!

October 14, 2008 · 2 Comments

Мен кеше жаңа блок аштым. Енді онда көптеген қызықты материалдар жарық көретін болады.

→ 2 CommentsCategories: Uncategorized

Hello world!

October 13, 2008 · 1 Comment

Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!

→ 1 CommentCategories: Uncategorized