Шынымды айтсам, Республика күнінде мен ешқайда барған жоқпын. 24-і аяғымды қайырып алдым да, үйде ауырып жаттым. Қалай тойланғанын, не болып, ненің болмағанын білмеймін! Бірақ барғандардан естігенім бар. Биылғы той біреудің көңілінен шықса, енді біреуінің көңілінен шықпапты. Мүмкін ауа райынан да шығар деп ойладым. Дәл 25-і күн суытып кетті ғой.